Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Алматы - Бішкек тасжолында 6 адам жол апатынан көз жұмды

Фото: видео скриншот Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы – Бішкек автожолының 65-шақырымында болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Audi автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Алматы - Бішкек тасжолында 6 адам жол апатынан көз жұмды
Фото: видео скриншот Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы – Бішкек автожолының 65-шақырымында болған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Audi автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Toyota көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, медициналық мекемеде қайтыс болды.
- Одан бөлек бес жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, дәрігерлердің бақылауында жатыр. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп хабарлады департаменттен.

Ұқсас материалдар

Алматы - Бішкек тасжолында 6 адам жол апатынан көз жұмды · Todayinfo