Todayinfo.kz
Жаңалықтар

«Америка-сионистік қауіп төнді»: Иран халқына жаппай хабарлама таратыла бастады

Иранда «Жан пида» науқаны басталды. Ел тұрғындарына «америка-сионистік қауіп» туралы хабарлама жіберіліп, қалаларда бақылау күшейтілді.

Авторы Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин оқу
«Америка-сионистік қауіп төнді»: Иран халқына жаппай хабарлама таратыла бастады

Иран сырттан келетін ықтимал құрлықтағы шабуыл қаупіне байланысты ел ішінде еріктілерді жинау науқанын бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды. «Жан пида» деп аталған бұл шараның басты мақсаты – ел аумағын қорғауға дайын азаматтарды жұмылдырып, олардың рухын көтеру. Осыған орай жергілікті тұрғындарға ұялы телефон арқылы арнайы хабарламалар жіберіле бастаған.

"Америка-сионистік қарсыластың қаупіне байланысты ұлттық қорғанысқа жұмылу басталды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елдің ірі қалаларының бірі Исфаханның тұрғындары қалаға кіреберістер мен жақын маңдағы елді мекендерде қауіпсіздік күштерінің жаңа бақылау-өткізу бекеттерін орнатып жатқанын хабарлаған. Бұл аймақтағы шиеленістің артуына байланысты қабылданған ішкі қауіпсіздік шараларының бір бөлігі болып отыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар