25 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді. Мамандардың жедел әрекетінің арқасында барлық өрт толықтай сөндірілді.

Бурабай ұлттық паркінде екі өрт ошағы анықталды. Жалынды ауыздықтауға «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің Ми-8 тікұшағы тартылды. Орманшылар мен әуе десантшыларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді.

Тағы бір өрт «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, өртке найзағайдың түсуі себеп болған. Жалын шағын аумақты шарпығанымен, құтқарушылар оны жедел сөндіріп үлгерді.