Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Жаңаарқа ауданына барып, өңірдің инфрақұрылымдық және өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Өңір басшысы алдымен Жаңаарқа кентіндегі электр қосалқы станциясының құрылысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылап, жауапты тұлғаларға нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 18.40.25 (2).jpeg

Сондай-ақ облыс әкімі автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысымен танысты. Бұл жоба аудан тұрғындарын табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етуге және өңірдің инженерлік инфрақұрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 18.40.25 (1).jpeg

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Есет Байкен Тұрақты тұқымбақтың жұмысын көріп, көгалдандыру мен абаттандыру бағытындағы жоспарларды талқылады. Сонымен қатар 48 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын бақылап, мердігер ұйымдарға құрылыстың сапасы мен мерзіміне ерекше жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 18.40.25.jpeg

Өңір басшысы сапар аясында «ORYNBAI MEAT» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қызметімен де танысты. Кәсіпорынның өндірістік әлеуеті, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы жұмыстары мен алдағы даму жоспарлары қарастырылды.

WhatsApp Image 2026-07-24 at 18.40.27.jpeg

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық жобаның уақытылы әрі сапалы аяқталуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтіп, жауапты мекемелерге әр нысан бойынша жұмысты күшейтіп, белгіленген кестеден кешікпеуді тапсырды.