Түркістан облысының Түлкібас ауданында туған анасын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.
"Отырар" телеарнасының әлеуметтік желідегі мәліметінше, қайғылы оқиға ауданға қарасты елді мекендердің бірінде болған. Алдын ала дерек бойынша, шамамен 40 жастағы азамат өз үйінде анасын пышақтап өлтірген.
Әлеуметтік желілерде күдіктінің церебралды сал ауруына шалдыққаны туралы бейресми ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметті құқық қорғау органдары әзірге растаған жоқ.
Оқиғаның нақты неден туындағаны әзірге белгісіз. Түркістан облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынған. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.




