Қоғам белсендісі Абзал Достияр әлеуметтік желіде түрмедегі журналист Думан Мұхамедкәрімнің хатын бөлісіп, оның өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты
"Ардақты ағайын!
Бірнеше күннен бері қатты ауырып, жатып қалып әлемжеліге кірмей кеткен едім.
Бірақ түрмедегі журналист Думаннан жаман хабар жетіп шұғыл хабарға шығып отырмын.
Думен өмірден түңілген сияқты, өз қолымен жазылған хат қолыма тиді.
Оқып шығыңыздар, таратыңыздар.
Билік бәсекесіз дода өткізіп жатқанда түрмеде ұлдарыңыз хәл үстінде жатыр.
Мен Мұхамедкәрім Думан Алмасұлы.
Қызылордадағы 60-шы мекеме карцерінде отырғаныма 1 жыл 8 ай болды.
19.12.2024-ші жылдан бері 8 шаршы метр қапастан шыққан емеспін.
15.07.2026-шы жылы, сәрсенбі күні, сағат 11:25 те екі уыс, 11:45 те тағы бір уыс дәрілер ішіп алдым.
Дәріні қапастағы камера алдында көрсетіп іштім.
Ауруханаға апарып 15:30 да ішімді жуды.
Бірақ тіркемеді.
20.07.2026-шы жылы (дүйсенбі) сағат 17:00 де 6(алты)түймедей батерая, екі дана саусақтай батерея, оттық, т.б заттар жұттым.
Отадан аман қалсам бұдан зорғы әрекеттерге барамын.
Талабым: заңға сәйкес Алматы түрмесіне апарсын!
Оқып шықтыңыздар ғой?
Думан буынсыз жерге пышақ ұрып отырған жоқ, мені түрмеден шығар деп байбалам салып жатқан жоқ, бар болғаны өзінің түрғылықты жері Алматы төңірегіндегі түрмеге ауыстыру!", - деп жазды Абзал Достияр.




