Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Фото: Depositphotos Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат 30 қаңтар күні Көкшетау-Рузаевка авт

Фото: Depositphotos
Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат 30 қаңтар күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.
«Оқиға орнына жеткен полицейлер 2001 жылы туған жүргізуші тіркемесі бар Audi B5 көлігін Көкшетау бағытында жүргізіп келе жатып, қарсы жолға шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқанын анықтады», – делінген хабарламада.
Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Еркебұлан Тоқтар оқырманының еміне гонорарынан 50 мың доллар аударды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«Жаным жай таппай.. »: Гүлзира Айдарбекова белгілі блогердің ота үстелінде көз жұмғанын жеткізді
Айдар Керім·

Оқиғалар
Келімсектің кесірі: мас шетелдік Алматы әуежайын қиратып кетті
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
Айдар Керім·