АҚШ Green Card лотереясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады
АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм жыл сайын 50 мың адамға тұрақты тұру құқығын беретін Diversity Visa Program (Green Card лотереясы) аясындағы кейбір бөлімдерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Шектеу негізінен
Авторы Мерей Сардарбаев··1 мин оқу

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм жыл сайын 50 мың адамға тұрақты тұру құқығын беретін Diversity Visa Program (Green Card лотереясы) аясындағы кейбір бөлімдерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Шектеу негізінен DV1 visa program деп аталатын, иммиграция деңгейі төмен елдердің азаматтарын АҚШ-қа көшіруге бағытталған бөлімге қатысты енгізіліп отыр.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл шешім Brown University мен Массачусетс технологиялық институтында (MIT) орын алған атыс оқиғасынан кейін қабылданған. Тергеу барысында күдіктінің АҚШ-қа дәл осы Diversity Visa бағдарламасы арқылы келгені анықталған. Осы жағдай бағдарламаның қауіпсіздік талаптарын қайта қарауға түрткі болғанын The Guardian басылымы жазды.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен Ішкі қауіпсіздік министрлігінің басшылығы мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін иммиграциялық визаларды беру тәртібін қатаңдату қажеттігін атап өткен.
Айта кетейік, Diversity Visa бағдарламасы жыл сайын Африка, Азия және Еуропа елдерінен миллиондаған адамды қамтып, АҚШ-тағы иммиграциялық әртүрлілікті арттыруға бағытталған.
Алайда бағдарламаның уақытша тоқтатылуы заңдық дауларға себеп болуы мүмкін. Себебі Green Card лотереясы АҚШ Конгресі бекіткен және федералдық заңмен қорғалатын бағдарлама саналады.
Ұқсас материалдар

Әлем
Мерц АҚШ-тың Ирандағы соғыс стратегиясы жоқ деп мәлімдеді
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Малидегі қарулы топтар бірігіп, үкіметке қарсы шабуылдады: келесі не болады?
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Ливандағы жағдай: Израильдің өлімге әкелетін шабуылдары атысты тоқтату режимін бұзды
Мұхтар Жексенбай·

Әлем
Швейцарияда Өзбекстанның экс-президентінің қызына қатысты іс бойынша тыңдаулар басталды
Мұхтар Жексенбай·