«Арсенал» футбол клубы «Вест Хэм Юнайтедті» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіп, Англия Премьер-лигасындағы көшбасшылығын бес ұпайға арттырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Матч Лондон стадионында өтіп, ойынның 83-минутында Леандро Троссардтың соққан голы «Арсеналға» жеңіс әкелді. Бұл гол Мартин Эдегордың нәтижелі пасынан кейін соғылды.
«Вест Хэм» ойынның соңында, қосымша уақытта гол соққанымен, төреші VAR жүйесін қарап, оны есептеген жоқ. Бұл шешім алаң иелерінің Премьер-лигада қалу үмітіне айтарлықтай соққы болды.
Нұно Сантудың шәкірттері турнир кестесінің соңғы үштігінде қалып, «Тоттенхэмнен» бір ұпайға артта келеді, бірақ бір ойын артық ойнаған.




