Асхат Тағыберген 20 миллион теңге жалақы алатын жұмысынан айырылды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны Асхат Тағыберген клубтан кететін болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман футболшымен сөйлескенін, Асхаттың бұл ақпарат

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны Асхат Тағыберген клубтан кететін болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман футболшымен сөйлескенін, Асхаттың бұл ақпаратты растағанын айтты.
Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Ордабасының» қаржылық проблемалары туралы айта келе, Асхат Тағыбергеннің 20 млн теңге жалақы алып отырғанын, соған қарамастан жоғары деңгейде футбол ойнай алмайтынын мәлімдеген еді.
«Серый CARDINAL» telegram-каналының мәліметінше, Тағыбергенге «Тұран» мен «Қайсар» клубтары көз тігіп отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде «Тобыл» тарапынан да қызығушылық болғаны туралы ақпарат тарады.
Ұқсас материалдар

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·

Спорт
Бес ай бойы жалақысыз қалған: Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров шындықты айтты
Todayinfo редакциясы·