Todayinfo.kz
АстанаБарлық жазбаларды қарау

Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

АСТАНА. Todayinfo.kz — Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталды. 30 тамыздан бастап 26 қазанға дейін әр сенбі-жексенбі күндері қазақстандық шаруалар астанаға өз өнімдерін әкеліп сатады, деп хабарлады қала әкімдігі. Жәрмеңкеде не сатылады? Фермерлер тұрғындарға

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

АСТАНА. Todayinfo.kz — Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері басталды. 30 тамыздан бастап 26 қазанға дейін әр сенбі-жексенбі күндері қазақстандық шаруалар астанаға өз өнімдерін әкеліп сатады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жәрмеңкеде не сатылады?

Фермерлер тұрғындарға жаңа жиналған көкөніс, жеміс-жидек, ет пен сүт өнімдерін делдалсыз, қолжетімді бағамен ұсынады.

Алдағы демалыс күндері Түркістан облысының өндірушілері елордаға 600 тоннадан астам өнім жеткізуді жоспарлап отыр:

  • 200 тонна көкөніс,

  • 100 тонна ет және ет өнімдері,

  • 100 тонна сүт тағамдары,

  • 80 тонна бақша өнімдері,

  • 50 тонна жеміс,

  • 19 тонна балық,

  • 12 мың дана жұмыртқа және 60 тоннаға жуық өзге де азық-түлік.

Қайда және қашан өтеді?

Жәрмеңке «Казанат» ипподромы аумағында (Қарқаралы тасжолы, 1) ұйымдастырылады.

  • Уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін;

  • Қоғамдық көлік: №18, №37 және №303 автобустар бағытталады.

Қосымша шаралар

Әкімдіктің хабарлауынша, жәрмеңке барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама да өтеді.

Ұқсас материалдар

Астанада әр демалыс сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді · Todayinfo