Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанадағы мешітте ер адамдар жанжал шығарды

Әлеуметтік желіде мешіт ішінде бір топ ер адамның жанжалдасқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo . Куәгерлердің айтуынша, оқиға жұма намазы кезінде болған. Бірнеше ер адам мешіт ішінде өзара сөзге келіп, жанжалдаса бастаған. Оларды сабырға шақырып, тоқтатқа

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Астанадағы мешітте ер адамдар жанжал шығарды

Әлеуметтік желіде мешіт ішінде бір топ ер адамның жанжалдасқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға жұма намазы кезінде болған. Бірнеше ер адам мешіт ішінде өзара сөзге келіп, жанжалдаса бастаған. Оларды сабырға шақырып, тоқтатқан мешіттің имамы болды.

Оқиға желідегі қолданушылардың ашу-ызасын туғызған.

«Мешіт – ринг емес, бұл не масқара», «Мұсылман адам сабырлы болуы керек емес пе?», «Мешітке келіп, айқай шығарғандардың әрекеті ұят», – деп жазды желі қолданушылары.

Қазірге дейін Астана қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас материалдар

Астанадағы мешітте ер адамдар жанжал шығарды · Todayinfo