Асу Алмабаев UFC-дің басты жекпе-жегінде оңбай таяқ жеді
Фото: UFC.com 2 наурызға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 253 турнирі өтті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА жұлдызы Асу Алмабаев пен португалиялық файтер Манел Капе кездесті.

Фото: UFC.com
2 наурызға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 253 турнирі өтті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА жұлдызы Асу Алмабаев пен португалиялық файтер Манел Капе кездесті.
Бірінші раундта Капе басым болды. Португал спортшысы көбірек соққы жасап, бірауыздан бірінші раундты өз еншісіне жазды..
Екінші бесминуттықты қазақ спортшысы белсенді бастады. Дегенмен, екінші бөлікте Капе тізгінді қолға алды. Соққыларын дарытты, қарсыласқа күресуге мүмкіндік бермеді.
Өкінішке қарай, үшінші раундта португал спортшысы Асуды сабап тастады. Ізбе-із соққылардан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Капенің жеңісін тіркеді.
Осылайша, Алмабаев мансабында үшінші рет жеңілді. Ал, UFC-де алғаш рет қарсыласқа жол беріп отыр.
Ұқсас материалдар

Спорт
«Жасың келді»: Назым Қызайбай туыстары өзінің әбден мазасын алғанын айтты
Айдар Керім·

Спорт
Испания құрамасы араға 16 жыл салып финалға шықты (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Спорт
Мбаппе мен Дембеле гол соғып, Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Айдар Керім·

Спорт
Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Айғаным Нариманова·