Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Атыраудығы қанды қылмыс: сот отырысы қашан өтетіні айтылды

Алғашқы сот отырысы 18 мамыр күні сағат 11:00-ге жоспарланып отыр.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Атыраудығы қанды қылмыс: сот отырысы қашан өтетіні айтылды
📷 видео скриншот

Атырау облысында елді елең еткізген қанды қылмысқа қатысты сот процесі басталмақ. Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы сот отырысы 18 мамыр күні сағат 11:00-ге жоспарланып отыр. Іс ашық форматта қаралады. Бұл ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі растады.

Істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина қарайды.

Өткен аптада Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Еске салайық, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша екі немесе одан да көп адамды өлтіру дерегімен, сондай-ақ 188 және 190-баптарына сәйкес мал ұрлау және банк карталарын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Бұған дейін сот медициналық сараптамасы мен тергеу барысында анықталған дәлелдерге сәйкес Наурыз Мұқанғалиевтің 2025 жылдың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Ал қалған үшеуі қараша айында көз жұмған.

Ұқсас материалдар

Атыраудығы қанды қылмыс: сот отырысы қашан өтетіні айтылды · Todayinfo