Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Аяз және мектеп: биыл сабақты онлайнға ауыстыру ережесі өзгерді ме?

Қыс мезгілі келісімен ата-аналардың WhatsApp чаттары қайтадан "қыза" бастады. Таңғы сағат 6-дан бастап жалғыз сұрақ: "Бүгін сабақ бола ма, әлде онлайн ба?". Биылғы қыс қатты болады деп болжануда. Оқу-ағарту министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтарды қашықтықтан

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Аяз және мектеп: биыл сабақты онлайнға ауыстыру ережесі өзгерді ме?

Қыс мезгілі келісімен ата-аналардың WhatsApp чаттары қайтадан "қыза" бастады. Таңғы сағат 6-дан бастап жалғыз сұрақ: "Бүгін сабақ бола ма, әлде онлайн ба?".

Биылғы қыс қатты болады деп болжануда. Оқу-ағарту министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтарды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру ережелерін бекіткен болатын. Ендеше, ата-ана нені білуі тиіс? Биыл өзгеріс бар ма? Бұл сұрақтарға Todayinfo порталы жауап іздеп көрді. 

Ереже өзгерді ме?

Негізгі ереже өзгерген жоқ, бірақ талап қатайды. Ең маңыздысы – қазір "сабақ болмайды" деген ұғым жоқ, "қашықтықтан оқытуға ауыстырылады" деген ұғым бар. Яғни, бала мектепке бармаса да, үйде оқуы тиіс.

Шешім қабылдау үшін тек термометрдегі градус емес, желдің жылдамдығы да есепке алынады. Бұл өте маңызды, себебі желді күні -20 градус аяздың өзі адамға -30 градустай сезіледі (Wind Chill факторы).

Сақтап алыңыз: Қай сыныптар қай кезде үйде қалады?

Оқу-ағарту министрлігі ұсынған, жалпыға ортақ стандарттар төмендегідей (бірақ әр өңірдің білім басқармасы нақты шешімді таңғы 06:00-07:00-де жариялайды):

0-4 сынып оқушылары үшін:

  • Жел жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары болса: -25°C және одан төмен;

  • Желсіз тымық күн болса: -27°C және одан төмен.

0-9 сынып оқушылары үшін:

  • Жел жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары болса: -30°C және одан төмен;

  • Желсіз тымық күн болса: -32°C және одан төмен.

0-11 сыныптар және колледж студенттері (1-2 курс) үшін:

  • Жел жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары болса: -35°C және одан төмен;

  • Желсіз тымық күн болса: -37°C және одан төмен.

Жалған ақпаратқа алданбаңыз!

Көбінесе ата-аналар чатта тараған ескі скриншоттарға немесе көршісінің сөзіне сеніп қалады. Бұл қателік. Ресми ақпаратты қайдан алу керек?

  1. Төтенше жағдайлар департаментінің SMS хабарламасы (112). Бұл – ең сенімді дереккөз.

  2. Жергілікті Білім басқармасының ресми сайты немесе Instagram парақшасы. Әр қала/облыстың өз парақшасы бар (мысалы, Almaty_bilim, Astana_bilim).

  3. Мектеп әкімшілігі немесе сынып жетекшісі.

Егер далада боран соғып, аяз қысып тұрса, бірақ ресми хабарлама болмаса, шешім қабылдау құқығы – ата-анада. Балаңыздың денсаулығы – бәрінен маңызды. Дегенмен, сабақтың онлайнға ауысуы – демалыс емес, білім алу үдерісінің жалғасы екенін ұмытпаған жөн.

Автор: Мейіржан Әуелханұлы Журналист, IT маман, ата-ана.

Ұқсас материалдар