«Тілімнен тауып отырмын. Мәһірге не сұрайсың деді. Мен сол мәһірді ойлап жүрген адам емеспін, шыны керек. Сұрақты қойған кезде бірден аузыма келген жауапты айттым. Балидегі аралдан вилла сұраймын деп бәлеге қалдым. Сол мені қатты жаманатты еткен сияқты. Шынымды айтсам, біріншіден, Балиде виллалар соншалықты қымбат тұрмайды. Екіншіден, ол отбасылық бизнеске айналатын нәрсе. Үшіншіден, неліктен сол өмірімнің шегі болуы керек, соны түсінбеймін. Сонда өз өмірімде істеп жүрген ешнәрсем жоқ па? Өзімнің де жетістіктерім бар ғой. Әркімнің сұрауға да, айтуға да, қалауға да бар таласы. Сол себепті, осындай қарым-қатынасқа, жігіттерге қойылатын талаптарға қатысты сұрақтарға жауап беруден қынжыламын. Күлкіге айналдырып кетеді. Ол сондай бір интимді тақырып қой. Құдайға сыбырлап айтатын тілегіңді жұрт түсінеді-ау деп айтсаң, өзіңе қарата оқ атады ғой. Неге сонша қаталсыңдар? Не істедім мен? Мен жай ғана қалап тұрмын ғой. Қыз деген ерке емес пе?» - деді Жазира Еркін.
«Балиден вилла деп бәлеге қалдым»: Мәхр сұраған танымал актриса бар бәлені тілінен тапқанын айтты (ВИДЕО)
Танымал актриса Жазира Еркін болашақ күйеуінен мәһірге не сұрайтынын айтамын деп жұрттың сынына қалғанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Актриса өз сөзінде қыз баланың қалауын, арманын қоғам асқан сынмен қабылдайтынын жеткізді. «Тілімнен тауып отырмын. Мәһір

Танымал актриса Жазира Еркін болашақ күйеуінен мәһірге не сұрайтынын айтамын деп жұрттың сынына қалғанын айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Актриса өз сөзінде қыз баланың қалауын, арманын қоғам асқан сынмен қабылдайтынын жеткізді.
Ұқсас материалдар

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
Әкесімен жасты шалға тиген: күйеуінің 70 жасын тойлаған Гүлнұр Оразымбетова сынға қалды (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Шоу бизнес
«4 жасымда әкемнен қалдым»: Кенжебек жастай жетім өскенін айтты
Айдар Керім·