Балиде қамауға алынған қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова ісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Іс материалдарына сәйкес, сот Алтайбекованы жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуге міндеттеп, төрт аптаға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Үкім туралы жәбірленуші ретінде танылған ресейлік блогер Карина Фадеева мәлімдеді.
Еске салсақ, оқиға Бали аралындағы демалыс орындарының бірінде болған. Тергеу дерегіне сай, жанжал барда басталып, Алтайбекова ресейлік блогерге бөтелке лақтырып жарақаттаған. Салдарынан Қазақстандық модельге айып тағылды. Басы дауға қалған қазақ қызы кешірім сұрағанымен, материалдық шығынды өтеуден бас тартқаны айтылған.
Әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты түрлі нұсқалар тараған. Алайда жәбірленуші тарап олардың бірқатарын жоққа шығарды. Алтайбекованың өзі қамауда отырғандықтан, іс бойынша ресми ұстанымын жариялаған жоқ.
Балиде бағы тайған бикеш: ресейлік блогерді ұрған қазақ қызына сот шешімі шықты
Фото: instagram.com/miss_sng Балиде қамауға алынған қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова ісі бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Іс материалдарына сәйкес, сот Алтайбекованы жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуге міндеттеп, төрт аптаға бас бостандығынан айы

Фото: instagram.com/miss_sng
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Концерт YE в Алматы вызвал ажиотаж: продана половина билетов
Айдар Керім·

Оқиғалар
БҚО-да университеттің ректоры ұсталды
Айдар Керім·

Оқиғалар
Қазақстан мұнайына тиелген екі танкерге шабуыл жасалып, өртке оранды
Айдар Керім·

Оқиғалар
Әкесі есірткі жинаған: Аргентина құрамасын тұқыртқан Ламин Ямальдың өмір жолы
Айдар Керім·