Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Белгілі ғалым Досай Кенжетай Қазақстанға төнетін геосаяси қауіптер туралы ескертті

Досай Кенжетай айтуынша, әлемдік саясатта Бжезинскийден бері тікелей «Еуразияны бөлшектеу» деген ресми тезис айтылмағанымен, Қазақстанның тұтастығын әлсіретуге бағытталған жасырын мүдделер бар. Ол үш негізгі сценарийді атап өтеді. 1) Тікелей бөлшектеу (шекараға қол сұғу) Украинад

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Белгілі ғалым Досай Кенжетай Қазақстанға төнетін геосаяси қауіптер туралы ескертті
Досай Кенжетай айтуынша, әлемдік саясатта Бжезинскийден бері тікелей «Еуразияны бөлшектеу» деген ресми тезис айтылмағанымен, Қазақстанның тұтастығын әлсіретуге бағытталған жасырын мүдделер бар. Ол үш негізгі сценарийді атап өтеді. 1) Тікелей бөлшектеу (шекараға қол сұғу) Украинадағыдай территорияны өзгерту емес, Қазақстан үшін қауіптісі — мемлекеттің бірегейлігін бұзу. Ұлттық «ортақ біз» деген түсінікті бұзу арқылы елді әлсірету. Мұнда аймақтық (Солтүстік–Оңтүстік–Батыс–Шығыс), тілдік айырмашылықтарды саяси қаруға айналдыру, әлеуметтік теңсіздікті этностық сипатқа ауыстыру сияқты симптомдар бар. Нәтижесінде заңда унитарлық сақталғанымен, қоғамда рухани жарықшақ пайда болады. 2) Мемлекеттің атқарушылық қабілетін әлсірету Бұл — мемлекет бар, бірақ шешім қабылдай алмайтын күй. Логикасы: – зиялылар арасында жік тудыру; – билік пен халық арасында сенімді төмендету; – реформаларды нәтижесіз деп көрсету; – мемлекетті сыртқы кеңесшілерге тәуелді ету. Бұндайда билік өз кадрларына, ғылымына, құндылықтарына сенбейді. Ел тек сыртқы күштердің «көмекші» рөліне түседі (мысал — Қаңтар кезіндегі ОДКБ). 3) Унитарлы модельді сынау және федерализацияны насихаттау Ғалымның айтуынша, ең қауіптісі — іштен басталатын идеологиялық қысым. Алдымен «унитарлық — ескірген модель» деген пікір тарайды. Комиссиялар, дөңгелек үстелдер, зерттеулер пайда болып, «ерекше аймақ», «еркін экономикалық зона», «аймақтық мәртебе» тиімді деген үн күшейеді. Симптомдары: – «Аймақтарға көбірек саяси-экономикалық құқық беру керек» деген ұран; – ел ішінде унитарлыққа күмән келтіру; – халықаралық мысалдарды жергілікті жағдайға күштеп телу. Нәтижесінде егемендік бөлініп, «шартты субъектілер» пайда болуы мүмкін. Негізгі мақсат — ұлттық бірегейлікті жою Үш сценарийдің де түпкі түйіні: – ортақ «біз» түсінігін бұзу; – мемлекеттің атқарушылық қуатын әлсірету; – унитарлықты сынау арқылы егемендікті бөлу. Ғалымның пікірінше, бұл қауіп танкпен емес, түсініксіз ұғымдар, жаңа терминдер, «жұмсақ күш» арқылы келеді. Не істеу керек? Досай Кенжетай бірнеше ұсыныс айтады: – азаматтық сананы, құқық пен тұлғаны күшейту; – билікті әділет орталығына айналдыру; – тарих, мәдениет, дәстүр құндылықтарын тірі ұстау; – билік пен халық арасында тұрақты сенім орнату; – ұлттық кадрларды даярлау, тұрақты стратегиялық орталықтар құру; – мемлекеттік институттарда сабақтастық қалыптастыру. Оның ойынша, унитарлы мемлекет — тек әкімшілік форма емес, ол әділет, азаматтық ұстаным және рухани тұтастыққа сүйенген мемлекеттілік жүйесі.

Ұқсас материалдар

Белгілі ғалым Досай Кенжетай Қазақстанға төнетін геосаяси қауіптер туралы ескертті · Todayinfo