Биыл Атырау облысында 1,8 млн көшет тамыр жаяды
Атырауда «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту концепциясын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Өткен жылы өңірде 200-ге тарта сенбілік өткізіліп, оған тұрғындар, кәсіпорын және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралғ

Атырауда «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту концепциясын іске асыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Өткен жылы өңірде 200-ге тарта сенбілік өткізіліп, оған тұрғындар, кәсіпорын және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралған 115 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шаралар нәтижесінде 7,5 мың тонна қоқыс жиналып, 70 мың аула тазартылып, 63 мыңға жуық көшет егілді. Бұл көрсеткіштер атқарылған жұмыстың көлемін ғана емес, қоғамның экологиялық мәдениетті қалыптастыруға белсенді атсалысып келе жатқанын көрсетеді.
Әкімшілік бақылау да күшейтілді. Полиция департаменті 180 рейд өткізді. 2025 жылы 11 мың құқықбұзушылық тіркеліп, жалпы сомасы 178 млн теңге айыппұл салынды. Атырау облысының Табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалану реттеу басқармасының бас маманы Ботагөз Ынтымақованың айтуынша, бақылау шаралары өңірдің кешенді экологиялық саясатының маңызды бөлігі болып қала береді.
Халықпен өзара әрекеттестіктің қосымша құралы ретінде Telegram-чат-бот @TazaQazBot енгізілді. Биыл қаңтарда оған 80 өтініш түскен. Сала мамандарының сөзінше, 2026–2027 жылдары 725 гектардай алаңға 1,8 млн-нан астам көшет егу жоспарланған.
Ұқсас материалдар

Атырау облысы
Таза Казакстан: В Атырау среди молодежи прошел интеллектуальный конкурс «Eco Quiz»
Жаннұр Еділбаева·

Атырау облысы
Таза Қазақстан: Атырауда жастар арасында «Eco Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті
Жаннұр Еділбаева·

Атырау облысы
Атыраудағы «Қазыналы Каспий – 2026» фестивалі балық шаруашылығының болашағын талқылады
Todayinfo редакциясы·

Атырау облысы
Азербайджан делает ставку на высокотехнологичную аквакультуру и восстановление икорного экспорта
Todayinfo Admin·