Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

"Блоктан шығарды": Мөлдір Мұқанова Қабатов туралы жаңа дерек айтты

Отандық шоу-бизнестегі ең талқыланған тақырыптардың бірі – белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы жары Мөлдір Мұқанованың арасындағы отбасылық драма. Жуырда Мұқанова экс-күйеуінің балалармен байланысы қалай реттелгенін ашық айтты. Естеріңізде болса, журналист Жанар Ба

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
"Блоктан шығарды": Мөлдір Мұқанова Қабатов туралы жаңа дерек айтты

Отандық шоу-бизнестегі ең талқыланған тақырыптардың бірі – белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы жары Мөлдір Мұқанованың арасындағы отбасылық драма. Жуырда Мұқанова экс-күйеуінің балалармен байланысы қалай реттелгенін ашық айтты.

Естеріңізде болса, журналист Жанар Байсемізге берген атышулы сұхбатында Мөлдір ханым әкелерінің балалардың телефон нөмірін бұғаттап тастағанын айтып, мұңын шаққан еді. Бұл мәлімдемені кейін Тұрсынбек Қабатов жоққа шығарған болатын. Алайда, шындық ортада қалған сияқты.

Мөлдір Мұқанованың айтуынша, дәл сол сұхбат жарияланғаннан кейін мұз еріп, әкесі балаларына алғаш рет хабарласқан.

"Дауысы дірілдеп тұрды"

Қабатов шетелде білім алып жатқан қызы Әдемімен байланысқа шыққан. Әке мен қыз арасындағы диалог өте әсерлі өткен көрінеді.

"Сол сұхбаттан кейін балаларға хабарласты. Әдеміге: "Қызым, саған рақмет", - депті. Жүрегі елжіреп, дауысы сәл дірілдеп тұрған екен. Ал Әдемі: "Папа, не үшін рақмет? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым", - деп жауап берген. Тұрсынбек негізі жүрегі кең адам ғой", - дейді Мөлдір Мұқанова.

Блокта кім тұрды: Әке ме, әлде көмекшілер ме?

Мөлдір Мұқанова "бұғаттау" мәселесіне қатысты да өз болжамын айтты. Оның сөзінше, балалардың қоңырауына жауап берілмегені және хабарламалардың жетпегені – нақты факт. Бірақ бұл әрекетті тікелей Тұрсынбектің өзі жасады ма, әлде қасындағы адамдар ма – ол жағы жұмбақ күйінде қалды.

"Біз қанша уақыт хабарласа алмай, қиналып кеттік. Тек бір ғана "галочка" тұратын. Сағындық, жыладық... Әсіресе кішкентай Айару мен Нұриманға қиын болды. Сол сәттегі эмоциямен мен қиындықты айтып қойдым. Бұл уақытша қателік пен түсініспеушілік болған шығар", – деп ағынан жарылды әнші.

Қазіргі таңда отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас қалпына келе бастағанға ұқсайды.

Ұқсас материалдар

"Блоктан шығарды": Мөлдір Мұқанова Қабатов туралы жаңа дерек айтты · Todayinfo