Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

БҚО-да Теректі ауданының прокуроры өз үйінің ауласында асылып қалған

8 мамырда Теректі ауданының прокуроры 43 жастағы Ғалымбек Мұхитов суицид жасады. Ол Федоровка кентіндегі үйінің ауласында асылып қалған. Марқұмның артында екі баласы мен әйелі қалды, деп хабарлайды Todayinfo Орал апталығына сілтеме жасап. «Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
БҚО-да Теректі ауданының прокуроры өз үйінің ауласында асылып қалған

8 мамырда Теректі ауданының прокуроры 43 жастағы Ғалымбек Мұхитов суицид жасады. Ол Федоровка кентіндегі үйінің ауласында асылып қалған. Марқұмның артында екі баласы мен әйелі қалды, деп хабарлайды Todayinfo Орал апталығына сілтеме жасап.

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін БҚО полиция департаментінің қызметкерлері тергеу жүргізуде.  Облыс прокуратурасы болған жағдайға байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады»,- деді БҚО прокуратурасынан.

Ғалымбек Мұхитов Әлібекұлы 1983 жылы Бөкей ордасы ауданы Сайхин кентінде туған.  2016-2020 жылдары Қаратөбе ауданының прокуроры қызметін атқарды. 2020 жылдан 2024 жылға дейін  Жаңақала ауданының прокуроры болды. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Теректі ауданының прокуроры болып тағайындалды.

Ұқсас материалдар

БҚО-да Теректі ауданының прокуроры өз үйінің ауласында асылып қалған · Todayinfo