Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Бүгін астаналықтар Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салады

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі мен жаназа намазы 26 маусым күні Астанада өтеді.

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Бүгін астаналықтар Ербаян Мұхтарды ақтық сапарға шығарып салады
📷 Фото: instagram.com/erbayan2024/

Астанада өмірден өткен Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі өтеді.

Жақындарының мәлімдеуінше, жаназа намазы 26 маусым күні сағат 10:00-де Астанадағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде (Мұса Жәлил көшесі, 93) оқылады.

Марқұмды еске алуға арналған құдайы ас 25 маусым күні сағат 19:00-де «Гауһартас» банкет залында (Серкебаев көшесі, 11) берілді.

Ал қоштасу рәсімінен кейін, 26 маусым күні сағат 11:00-де Карбышев көшесі, 50 мекенжайында марқұмның асы өтеді.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген кезде, 2023 жылдың желтоқсан айында ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен болатын.

Әскери бөлім өкілдерінің мәліметінше, сарбаз дәретханада құлап, басын кафельге соққан. Алайда ауруханаға жеткізілгеннен кейін дәрігерлер оған ауыр бас-ми жарақатын, жедел субдуралды гематоманы, шүйде сүйегінің сынуын және басқа да ауыр зақымдарды анықтаған. Ербаян бірнеше күрделі операцияны бастан өткеріп, сал болып қалған еді.

Ұқсас материалдар