Париждік «ПСЖ» мен мюнхендік «Бавария» Чемпиондар лигасының жартылай финалының бірінші матчында кездесті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Ойын Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өтуде. Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де (19:00 GMT) басталды.
Айта кетейік, «ПСЖ» қазіргі чемпион ретінде алаңға шықты. Бұл екі команда арасындағы шиеленісті бәсеке жанкүйерлердің назарын аударды.




