Атбасардағы локомотив зауытының құрылысы тоқтатылды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте ҚР Көлік вице-министрі Максат Қалиақпаров мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің айтуынша, зауытты қытайлық инвестор салуды жоспарлаған. Алайда олар қаржыландыру мәселесін шеше алмағандықтан, құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Қазіргі уақытта мемлекет жаңа инвестор іздестіруде.
«Бүгінде Қазақстандағы локомотив паркі толық қамтамасыз етілген. Бірақ болашақта бірқатар локомотивтердің пайдалану мерзімі аяқталған кезде, инвесторлар зауыт салуды жалғастырады», – деді Қалиақпаров.
Вице-министр зауыт жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның базасында салынуы жоспарланғанын атап өтті. Ол сондай-ақ бастапқыда қытайлық инвестормен келісім жасалғанда қаржы мәселесінің толық шешілмегенін мойындады.




