Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

«Лыпылдап жүріп, депутат болуға ұмтылмаңыздар!»: журналист маңызды үндеу жасады

Парламент – ел тағдыры шешілетін маңызды институт.

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Лыпылдап жүріп, депутат болуға ұмтылмаңыздар!»: журналист маңызды үндеу жасады
📷 Фото: видео скриншот

Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әншілерге, блогерлер мен БАҚ өкілдеріне үндеу жасап, саясатқа жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында шоу-бизнес пен медиа саласындағы өкілдердің партия атынан депутат болуға ұмтылуын сынға алды.

«Парламент тарайды, жаңа құрылтай құрылады дейді. «Бәрі жақсы болады» деген әңгімені ести беруден жалықпаймыз… Бір өтініш бар. Әнші, журналист, блогер, квншиктер – лыпылдап жүріп, партия атынан «халық қалаулысы» болуға ұмтылмасаңыздар екен», – деді ол.

Журналистің пікірінше, парламент – ел тағдыры шешілетін маңызды институт.

«Бұл әдемі сөз сөйлейтін студия да, сахна да емес, бұл – мемлекет тағдыры айқындалатын орын», – деді ол.

Жылқышыбайдың бұл көзқарасын әлеуметтік желі қолданушылары қолдап, түрлі пікір білдірді.

Ұқсас материалдар

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай: «Лыпылдап депутат болуға ұмтылмаңыз» · Todayinfo