Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Елдос Қоспаевтың Алматыдағы үйі 5 миллиард теңгеге бағаланды

Елдос Қоспаевтың тұрғын үй кешені 5 млрд теңгеге бағаланды, алайда ол нысан мемлекетік органдарға тегін берілуі мүмкін. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде орналасқан

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Елдос Қоспаевтың Алматыдағы үйі 5 миллиард теңгеге бағаланды
Елдос Қоспаевтың тұрғын үй кешені 5 млрд теңгеге бағаланды, алайда ол нысан мемлекетік органдарға тегін берілуі мүмкін. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешенінде орналасқан жылжымайтын мүлік нысандарын қайтадан саудаға шығарды. Бұл жолы құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға Әл-Фараби даңғылы, 116/57 мекенжайындағы көпфункциялы тұрғын үй кешенін өз балансына қабылдау ұсынылды. Ғимараттың жалпы аумағы – 1536,5 шаршы метр, ал жер телімінің көлемі – 0,3950 гектар. Айта кетейік, бастапқыда бұл аумақта саябақ салу жоспарланған.
"116/57-үй бекітілген жобаға енгізілмеген. Оның орнында (аумағы 0,3950 га жер телімінде) Есентай өзеніне көркем көрініс ашылатын, жалпыға ортақ пайдалануға арналған саябақ аймағы болуға тиіс еді", – делінген Қоспаев ісі бойынша үкімде.
Алайда саябақтың орнына бұл жерде тұрғын үй кешені бой көтерген. 2021 жылғы наурызда Елдос Қоспаев бұл нысанды небәрі 46,3 млн теңгеге сатып алған. Ал жүргізілген аудит нәтижесінде нысанның құны 5 млрд теңге деп бағаланған: оның 4 млрд теңгесі ғимараттың өзіне, 957 млн теңгесі жер теліміне тиесілі. Жалпы, Мемлекеттік мүлік департаменті Алматыдағы Елдос Қоспаевқа тиесілі 23 жылжымайтын мүлік нысанын бағалаған. Болжам бойынша, оның барлығы да саудаға шығарылуы мүмкін.

Ұқсас материалдар

Елдос Қоспаевтың Алматыдағы үйі 5 миллиард теңгеге бағаланды · Todayinfo