Ең ірі италиялық банк Қазақстан нарығына кірмек
Сауда және интеграция министрлігі елімізде италиялық Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісі ашылатынын жария етті. Министрліктің мәліметінше, Астанада Италия сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириелли несие желісінің ашылатыны туралы хабарлаған. Ита

Сауда және интеграция министрлігі елімізде италиялық Cassa Depositi e Prestiti мемлекеттік банкінің несие желісі ашылатынын жария етті. Министрліктің мәліметінше, Астанада Италия сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириелли несие желісінің ашылатыны туралы хабарлаған.
Италия Қазақстанның Еуропалық Одақ елдері арасындағы ірі сауда серіктестерінің бірі және тауар айналымы бойынша үшінші орын алады. 2023 жылы екі ел арасындағы жалпы сауда айналымы 16,1 миллиард долларға жуықтап, өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайыз өсті.
Сонымен қатар Қазақстаннан Италияға экспорт 14,8 миллиард доллар болғанын айта кеткен жөн. Ал импорт 1,2 миллиард долларға жетті.
Айта кетейік, 2024 жылы сауда көлемі артып келеді. Себебі сегіз айда сауда айналымы 33 пайыз артып, 13,8 миллиард долларға жетті. Экспорт 36 пайыз өсіп, 12,9 миллиард долларға жуықтады.
Ұқсас материалдар

Экономика
АҚШ-Иран тіресі: әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады
Айдар Керім·

Экономика
Алматы-Варшава: Еуропаға тікелей әуе рейсі іске қосылады
Todayinfo редакциясы·

Экономика
Alstom Арыста электровоз депосын салады: 50 млн еуро инвестиция
Todayinfo редакциясы·

Экономика
Қызылордада шыны зауытының іргетасы қаланды: 60 млрд теңге инвестиция
Todayinfo редакциясы·