Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды

Республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының Қамқоршылар кеңесінің жаңа төрағасы болып ұлттық спорттың жанашыры, мемлекет және қоғам қайраткері Ералы Тоғжанов сайланды, деп хабарлайды todayinfo.kz Ералы Лұқпанұлы федерация құрылған күнінен бастап «Ұлы дала жорығы» жобасына

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды
Республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының Қамқоршылар кеңесінің жаңа төрағасы болып ұлттық спорттың жанашыры, мемлекет және қоғам қайраткері Ералы Тоғжанов сайланды, деп хабарлайды todayinfo.kz Ералы Лұқпанұлы федерация құрылған күнінен бастап «Ұлы дала жорығы» жобасына тұрақты қолдау көрсетіп, оның даму бағыттарына белсенді атсалысып келеді. Сондай-ақ, Е. Тоғжанов «Қостанай жылқысы»-ның тұқым ретінде қайта танылуына ықпал еткен тұлға. «Joryq» федерациясы қысқа мерзім ішінде халықтың кең қолдауына ие болып, ұлттық спорт саласындағы ірі жобалардың біріне айналды. Соның айқын дәлелі — бүгінде брендке айналған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін жыл сайын тұрақты өткізіп келеді. Төрт жылдың ішінде «Ұлы дала жорығы» бес мәрте ұйымдастырылып, оған 92 команда, 460 шабандоз және 650-ге жуық жылқы қатысты. Осы кезеңде қатысушылар 4 000 шақырымнан астам қашықтықты еңсерді. Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» — тұлпар тұқымын іріктейтін табиғи сынақ қана емес, әлемдегі ең төзімді жылқы тұқымын анықтайтын далалық зертхана. Фото: Үкімет

Ұқсас материалдар

Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды · Todayinfo