Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Азия кубогы: Қазақстандық триатлоншылар Филиппиннен төрт медальмен оралды

Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
Азия кубогы: Қазақстандық триатлоншылар Филиппиннен төрт медальмен оралды

Филиппиннің Субик-Бей қаласында өткен триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Рамазан Әйнегов пен Алуа Нұрмұхамет алтын жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, Валерия Шнейдер екінші орын алып, күміс медальді жеңіп алды.

Ересектер арасындағы сайыста қазақстандық Дарын Қонысбаев та күміс жүлдегер атанды.

Ұқсас материалдар

Азия кубогы: Қазақстандық триатлоншылар Филиппиннен төрт медальмен оралды · Todayinfo