Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ghetto Dogs: әншілер түрмеде концерт қойды

Фото: ҚАЖД баспасөз қызметі Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №14 мекемесіне Ghetto Dogs тобының қатысушылары келді. Заречный кентінде орналасқан түрме сахнасында танымал рэперлердің хиттері шырқалды. "Колонияға келіп сотталғандарға әндерімізді орындап, біз

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Ghetto Dogs: әншілер түрмеде концерт қойды
Фото: ҚАЖД баспасөз қызметі Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №14 мекемесіне Ghetto Dogs тобының қатысушылары келді. Заречный кентінде орналасқан түрме сахнасында танымал рэперлердің хиттері шырқалды.
"Колонияға келіп сотталғандарға әндерімізді орындап, біз жігіттерге қолдау көрсетіп, оларға көңіл-күй сыйлауды шештік. Баршаларына өз отбасыларына аман-есен оралуын тілейміз", - деп атап өтті белгілі қазақстандық рэперлер.
Концерт көрермендердің қошеметіне бөленді, әсіресе Ghetto Dogsтың "Тателер" хиті. Қиын өмір тақырыбындағы әндермен және әзілмен жазылған рэптен шабыттанған сотталғандар ұзақ уақыт бойы бір-бірімен эмоциялар мен әсерлермен бөлісті. Айтылған композицияларға ешкім бей-жай қарамады. Өз кезегінде сотталғандар қонақтарға өз шығармаларындағы әндердерді домбырамен орындады.
"Бұл іс-шаралар қоғамнан оқшауланған сотталғандарды рухани тәрбиелеу және әлеуметтік деңгейін арттыру үшін өткізіледі. Осылайша, біз сыртқы әлеммен байланыстарын үзбей, мәдени құндылықтарға қол жеткізуге көмек береміз", - деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.
Іс-шара ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ұқсас материалдар

Ghetto Dogs: әншілер түрмеде концерт қойды · Todayinfo