"Сіздің төрешілігіңіз ISU ережелеріне толық сәйкес келді, бейтарап және ұлттық көзқарастан ада болды. ISU спорттың адалдығын сақтау үшін дәл осындай ұстанымды талап етеді", – делінген.Айта кетейік, Милан-2026 қысқы Олимпиадасына Қазақстан атынан барған төреші Надежда Парецкаяның бағалауы жанкүйерлер арасында күмән туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқылауға себеп болды. Қолданушылар оның ресейлік спортшыға жоғары, ал қазақстандықтарға төмен ұпай қойғанын айтып, ресми органдардан ашық түсініктеме талап еткен еді. Жанкүйерлердің айтуынша, Парецкая ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделия Петросянның өнеріне шамадан тыс жоғары ұпай беріп, ал қазақстандық спортшыларға қатаң қараған. Оған әсіресе әйелдер арасындағы жарыстың еркін бағдарламасынан кейін сын күшейді.
Халықаралық конькишілер одағы отандық төрешіге қатысты айыптауды жоққа шығарды
Италияда өткен Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан төрешілік еткен Надежда Парецкаяның бағалауына байланысты дау туындаған еді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Осы жағдайдан кейін ISU қазақстандық төрешінің жұмысына жоғары баға берді

Италияда өткен Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан төрешілік еткен Надежда Парецкаяның бағалауына байланысты дау туындаған еді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Осы жағдайдан кейін ISU қазақстандық төрешінің жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ ұйым бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам тарапынан жасалған қысым әрекеттерін қатаң айыптады.
Қазақстан мәнерлеп сырғанау федерациясына жолданған ресми хатта:
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·