Иран Сауд Арабиясындағы "Ханзада Сұлтан" әскери базасына соққы жасап, Америка Құрама Штаттарының аса қымбат әскери ұшағын жойып жіберді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Жойылған әуе кемесі — құны шамамен 500 миллион доллар тұратын Boeing E-3 Sentry ұшағы. Бұл жай ғана ұшақ емес, АҚШ Әуе күштерінің әуедегі "көзі мен құлағы" саналатын стратегиялық маңызды нысан.
Аталған ұшақ AWACS (Әуедегі ескерту және басқару жүйесі) кешенімен жабдықталған. Ол әуе кеңістігін өте алыс қашықтықтан бақылап, кез келген нысанды анықтауға және оны басқаруға мүмкіндік береді. Осы қасиеті үшін E-3 Sentry АҚШ-тың ең маңызды әскери активтерінің бірі болып есептеледі.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, соққы ұшақтың ең маңызды әрі осал тұсы — фюзеляж үстінде орналасқан үлкен радиолокациялық радарға дәл тиген. Бұл соққы ұшақты толығымен істен шығарған.
Фото: Әлеуметтік желіден




