Todayinfo.kz
Жаңалықтар

Қандас мәртебесін қорғап қалды: прокуратура шетелге шығару туралы шешімді жойды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ұзақ уақыт бойы Қазақстанда тұратын азаматты шетелге шығару туралы шешімнің күшін жойды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Қандас мәртебесін қорғап қалды: прокуратура шетелге шығару туралы шешімді жойды
📷 Дереккөз: inbusiness.kz

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ұзақ уақыт бойы Қазақстанда тұратын азаматты шетелге шығару туралы шешімнің күшін жойды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ер адам бұрын көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен елден шығарылуы тиіс еді. Алайда ол бұл шешіммен келіспей, прокуратураға жүгінген.

Тексеру барысында оның «қандас» мәртебесі бар екені, 2011 жылдан бері Орал қаласында тұратыны, Қазақстан азаматшасымен некеде тұрып, кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеп отырғаны анықталды. Осы жағдайларды ескере отырып, облыс прокуратурасы соттың бірінші сатыдағы қаулысының күшін жою және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы апелляциялық өтінішхат енгізді, — делінген хабарламада.

Облыстық соттың апелляциялық алқасы прокуратураның ұстанымын қолдап, сот қаулысының күшін жойды. Ер адам әкімшілік жауапкершіліктен босатылды.

Ұқсас материалдар