Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Көше атауларын қазақшалауға қарсы шығып, боғауыз сөздер айтқан Рудный тұрғынына айыппұл салынды

Фото: видео скриншот Рудный тұрғыны қоғамдық тылқылау кезіндегі дөрекі әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Полицияның мәліметінше, оқиға 21 қараша күні Рудный қаласында қоғамдық тыңдаулар кезінде болған. “Талқылау б

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Көше атауларын қазақшалауға қарсы шығып, боғауыз сөздер айтқан Рудный тұрғынына айыппұл салынды
Фото: видео скриншот Рудный тұрғыны қоғамдық тылқылау кезіндегі дөрекі әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Полицияның мәліметінше, оқиға 21 қараша күні Рудный қаласында қоғамдық тыңдаулар кезінде болған.
“Талқылау барысында әйел адам регламентті өрескел бұзып, бейәдеп сөздер айтып, өзіне тән емес дөрекі мінез көрсеткен. Мұндай әрекет тыңдауға қатысушыларға құрметсіздік және қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланған. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді”, – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Нәтижесінде әйел адам кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде – 78 640 теңге айыппұл салынды. Полиция қоғамдық іс-шаралар кезінде тәртіп сақтау және өзгелерге құрмет көрсету маңызды екенін еске салды.

Ұқсас материалдар

Көше атауларын қазақшалауға қарсы шығып, боғауыз сөздер айтқан Рудный тұрғынына айыппұл салынды · Todayinfo