Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
Республика күніне орай Махамбет ауданы Таңдай ауылында 150 адамға арналған заманауи «Таңдай» спорт кешені ашылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталды. Нысанның жалпы ауданы 2077,12 шаршы метр болса, спортпен қамтылатын бала саны

Республика күніне орай Махамбет ауданы Таңдай ауылында 150 адамға арналған заманауи «Таңдай» спорт кешені ашылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталды. Нысанның жалпы ауданы 2077,12 шаршы метр болса, спортпен қамтылатын бала саны 400-ге жуықтайды. Кешенде ойын және жаттығу залдары, ерлер мен әйелдердің киім ауыстыру бөлмелері, жуынуға арналған және медициналық кабинет бар. Мұнда футбол, волейбол, баскетбол, бокс, дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, грек-рим күресі сияқты спорт түрлерінен секциялар жұмыс істейді.
⁃Балалар және жасөспірімдерге арналған жаңа спорт кешенінің ашылуы ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа қадам басуына үлкен серпін бермек. Президент тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта да ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға жұмыстана береміз, - деді облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов.
Жоба «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстары «Сұңқар Құрылыс LTD» ЖШС-ның мердігерлігімен атқарылып, техникалық қадағалауды «Гранд Урбан» ЖШС, ал жобалауды «Су құрылыс Проект» ЖШС жүргізді.
Ұқсас материалдар

Атырау облысы
Таза Казакстан: В Атырау среди молодежи прошел интеллектуальный конкурс «Eco Quiz»
Жаннұр Еділбаева·

Атырау облысы
Таза Қазақстан: Атырауда жастар арасында «Eco Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті
Жаннұр Еділбаева·

Атырау облысы
Атыраудағы «Қазыналы Каспий – 2026» фестивалі балық шаруашылығының болашағын талқылады
Todayinfo редакциясы·

Атырау облысы
Азербайджан делает ставку на высокотехнологичную аквакультуру и восстановление икорного экспорта
Todayinfo Admin·