Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

Мақтаншақ, дарақы: Жанболат пен Жазира құдаларына қалың малға берген қаржыны жариялап, сынға ілікті

Танымал әншілер Жанболат пен Жазираның құдаларына берген қалың малы желіде қызу талқыланып жатыр, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Әлеуметтік желіде тараған видеода әулеттің үлкені құдаларға қалың мал ретінде 10 миллион теңге, сондай-ақ кәде сыйға 300 мың теңге табыста

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Мақтаншақ, дарақы: Жанболат пен Жазира құдаларына қалың малға берген қаржыны жариялап, сынға ілікті
Танымал әншілер Жанболат пен Жазираның құдаларына берген қалың малы желіде қызу талқыланып жатыр, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Әлеуметтік желіде тараған видеода әулеттің үлкені құдаларға қалың мал ретінде 10 миллион теңге, сондай-ақ кәде сыйға 300 мың теңге табыстап жатқан сәт көрсетілген. Желі қолданушылары бұл жайтқа қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі жас жұбайларға бақыт тілесе, енді бірі қалың малдың көлемін қызу талқыға салған. Тіптен жеке отбасылық мерекендегі құдаларға берген ақшаны қоғамға жариялағандарын да сынап жатыр. Ел оны мақтаншақтық пен дарақылық деп бағалауда. Өйткені, әншінің отбасы анау айтқандай бай емес, ән айтып, тойға шығып күнін көріп жүрген жандар.
«Күшті, жастар бақытты болсын!», «10 млн көп қой, біз 2 млн бергенбіз», «Мұндай қызға 10 млн аз ғой», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Ұқсас материалдар

Мақтаншақ, дарақы: Жанболат пен Жазира құдаларына қалың малға берген қаржыны жариялап, сынға ілікті · Todayinfo