Мазасыз Маңғыстау: жалақының аздығына шағымданған жұмысшылар Тоқаевқа үндеу жасады
Фото: Видеодан скрин Маңғыстауда ондаған адам қарсылық акциясын өткізді. «TES Service Company» ЖШС жұмысшылары жалақының көтерілуін талап етіп, президентке үндеу жасады, деп хабарлайды Todayinfo. Lada.kz мәліметінше, үндеу жасаған жұмысшылар бұған дейін «Ftc Win» аутсорсингтік ко

Фото: Видеодан скрин
Маңғыстауда ондаған адам қарсылық акциясын өткізді. «TES Service Company» ЖШС жұмысшылары жалақының көтерілуін талап етіп, президентке үндеу жасады, деп хабарлайды Todayinfo.
Lada.kz мәліметінше, үндеу жасаған жұмысшылар бұған дейін «Ftc Win» аутсорсингтік компаниясында жұмыс істеген. Кейіннен оларды «TES Service Company» ЖШС жүмысұа ауыстырған.
Бүгін 3 наурызда жұмысшылар, оның ішінде, электршілер, вахтерлер, аула сыпырушылар, темір ұсталары, сантехниктер үндеу жасаған. Олардың басты талабы – жалақыны көтеру. Айтуларынша, қара жұмыс істейтін жұмысшылардың жалақысы 200 мың теңге шамасында. Олар табыстың азық-түлік алуға жетпейтінін айтып шағымданды.
Жұмысшылар үндеуін президент Тоқаевқа, “Қазмұнайгаз” төрағасы Асхат Хасеновке, облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбайға, Жаңаөзен әкімі Жансейіт Қайнарбаевқа, “Өзенмұнайгаздың” бас директоры Жанболат Саймағамбетовке жолдады.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·