Әнші Әбдіжаппар Әлқожаға әріптесі Мейрамбек Бесбаевтың бағалы сыйлық жасағаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзіне ерекше сыйлық – тұлпар ат сыйланғанын Instagram парақшасындағы видео арқылы жариялады.
Бұл жомарт сыйлықты оған қазақ эстрадасының тағы бір майталманы Мейрамбек Бесбаев жасаған.
Видео жарияланғаннан кейін желі қолданушылары екі өнерпазды да құттықтап, олардың достығы мен өнерге деген құрметіне ризашылықтарын білдіруде.




