Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз – Тоқаев
Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, оның елімізге Парламент Төрағасы ретіндегі алғашқы сапары екіжақты байланысты

Мемлекет басшысы Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен кездесті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, оның елімізге Парламент Төрағасы ретіндегі алғашқы сапары екіжақты байланысты нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті.
Президент былтыр қазан айындағы Моңғолияға жасаған сапарының нәтижесінде Үкімет пен түрлі мекемелер арасындағы қарым-қатынас күшейе түскенін айтты. Сондай-ақ жақында Қытайда өткен ШЫҰ саммиті аясында Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен аз-кем әңгімелескенін жеткізді.
– Моңғолия – Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесіміз. Екі ел арасындағы берік достық пен стратегиялық әріптестіктің тамыры тереңде жатыр. Себебі біздің салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз ұқсас. Тарихымыз да ортақ. Сондықтан ынтымақтастықты барынша нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, сан қырлы қарым-қатынасты дамыту ісінде Парламент дипломатиясы маңызды рөл атқарады. Бұл ретте Қазақстан достас Моңғолия елімен стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға мүдделі.
Фото: Ақорда
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·