Қазақстанда Катон-Қарағай, Зайсан, Арқалық және Кендірлі әуежайларының құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа әуе бағыттары ашылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің жауабына сәйкес, жаңа бағыттар елдің негізгі қалалары мен туристік аймақтарын қамтиды. Атап айтқанда, Астана, Алматы және Атыраудан тікелей рейстер жоспарланған.
Жоспарланған бағыттар тізімі:
- Алматы – Кендірлі
- Атырау – Кендірлі
- Астана – Кендірлі
- Алматы – Зайсан
- Астана – Зайсан
- Алматы – Арқалық
- Астана – Арқалық
- Астана – Катон-Қарағай
- Алматы – Катон-Қарағай
Министрлікте атап өткендей, авиакомпанияларды іріктеу конкурстық негізде жүргізіледі. Бұл үкімет қаулысымен бекітілген әуе бағыттарын субсидиялау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.




