Шымкентте резонанс тудырған Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жәбірленушінің отбасының адвокаты Аянхан Омаров мұны мәлімдеді. Зардап шеккен тарап іс материалдарының жеті томын қарап шығып, көшірмелерін алды. Барлық процедура аяқталғаннан кейін материалдар сотқа тапсырылады.
28 жастағы күдікті қазір Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып жатыр:
"Аса қатыгездікпен кісі өлтіру";
Некеге мәжбүрлеу" (Адам ұрлау);
"Сталкинг" (Аңду).
Бұл іс бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Тергеу барысын қоғам бақылап отыр.




