Абай облысындағы жағажайлардың бірінде, бұта арасына барып дәрет сындырған үй әйелді «Сергек» камерасы түсіріп алған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысының полиция департаменті олардың видеосын жариялап, жағажайдың тазалағы мен тәртіп бірінші орында екенін мәлімдеді.

«Абай облысындағы жағажайлардың бірінде 31, 36 және 49 жастағы азаматшалар жағажай аумағында алкогольдік ішімдік ішіп қана қоймай, қоғамдық орынның тазалығы мен тәртібіне немқұрайлы қарап, белгіленбеген жерде дәрет сындырған. Алайда олардың бұл әрекеті полицейлер мен Сергек камерасының назарынан тыс қалмады. «Сергек» камералары арқылы полицейлер орын алған құқық бұзушылықты бірден байқаған. Тәртіп сақшылары жедел түрде оқиға орнына келіп, құқық бұзушылардың жолын кесті», - деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.

Полиция үш әйелге қатысты әкімшілік іс қозғап, айыппұл салған.