Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Өз жұмысын ұқыпты атқарды»: Министр Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға дереу көмектесті

Фото: видео скриншот Астана – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушының денсаулығы нашарлап қалған сәтте оған көмек көрсеткен адамның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова екені белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиғаға куә болған жолаушы әлеум

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Өз жұмысын ұқыпты атқарды»: Министр Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға дереу көмектесті
Фото: видео скриншот Астана – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушының денсаулығы нашарлап қалған сәтте оған көмек көрсеткен адамның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова екені белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиғаға куә болған жолаушы әлеуметтік желіде жазғандай, бұл жағдай таңертең, ұшақ ұшуға дайындалып жатқан кезде болған. Бір қыз өзін нашар сезініп, дәрігер шақыра бастаған. Сол кезде бір әйел оның қан қысымын өлшеп, қажетті дәрілер мен су, шай беріп, жағдайының қалыпқа келгенін тексерген. Нәтижесінде жолаушыға әрі қарай ұшуға рұқсат берілген. Әлеуметтік желі қолданушысы сол көмек көрсеткен адамның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова екенін кейіннен білген.

Ұқсас материалдар

«Өз жұмысын ұқыпты атқарды»: Министр Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға дереу көмектесті · Todayinfo