Todayinfo.kz
СпортБарлық жазбаларды қарау

Олимпиададағы шешуші күн: Галышева мен Шайдоров жарыс жолына шығады

Италиядағы Қысқы Олимпиадада 10 ақпан күні Юлия Галышева, Михаил Шайдоров сынды спортшыларымыз жарыс жолына шығады. Толық кесте.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
Олимпиададағы шешуші күн: Галышева мен Шайдоров жарыс жолына шығады
Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында 10 ақпан күні Қазақстан құрамасының бірнеше спортшысы маңызды жарыстарға қатысады. Олардың өнерін Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және "Хабар" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Жарыс күнін (Астана уақытымен) сағат 13:15-те шаңғышылар бастайды. Спринттік жарысқа Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков қатысады. Сағат 14:30-да шорт-трек шеберлері мұз айдынына шығады. Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Яна Хан және Ольга Тихонова 500, 1000 метрлік қашықтықтар мен аралас эстафетада бақ сынайды. Одан әрі жарысты фристайл-могул спортының өкілдері жалғастырады. Ерлер арасындағы алғашқы іріктеуде сағат 15:15-те Павел Колмаков өнер көрсетсе, әйелдер арасындағы сында (18:15) Қазақстанның басты үміттерінің бірі Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова жарыс жолына шығады. Сондай-ақ, сағат 17:30-да биатлоннан ерлер арасындағы жекелей сында Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов сынға түседі. Жарыс күнін сағат 22:30-да мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламамен қорытындылайды. Әзірге Қазақстан қоржынында медаль жоқ. Еліміздің спортшылары арасындағы ең үздік нәтижені конькимен жүгіруші Надежда Морозова көрсетті – ол 3000 метр қашықтықта 6-орынға ие болды. Жалпы есепте Норвегия мен Швейцария үш алтынмен көш бастап тұр. Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Олимпиададағы шешуші күн: Галышева мен Шайдоров жарыс жолына шығады · Todayinfo