«Қаскүнемдер азық-түлік дәмдеуіштерін сататын орындар ашып, негізгі мақсаттары есірткіге тәуелді адамдарға көкнәр қоспасын сату болған. Есірткі заттарын тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұл бағытта тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпады», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Павлодар облысында азық-түлік дәмдеуіштері сатылатын орында есірткі саудаланып келген
Фото: istock Павлодар облысында азық-түлік дәмдеуіштері сатылатын орында есірткі саудаланып келгені анықталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Прокуратура мәліметінше, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кондитерлік көкнәрді сатудың атын жамылып, оның тұқымдары

Фото: istock
Павлодар облысында азық-түлік дәмдеуіштері сатылатын орында есірткі саудаланып келгені анықталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Прокуратура мәліметінше, қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олар кондитерлік көкнәрді сатудың атын жамылып, оның тұқымдары мен кептірілген көкнәр сабанынан дайындалған есірткі заттарын таратумен айналысқан.
Тағы бір жағдайда, Павлодар облысының Железин ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында ауылды жерлердің бірінде жеке тұрғын үй аумағынан шамамен 2 кг марихуана табылды.
Сот үкімімен кінәлі тұлға Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Әкелер күні мерекесіне орай футболдан шеберлік сабақ өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Туркестанской области пресечена деятельность преступной группы
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматыдағы жол апаты: Жәбірленуші тарап күдіктіден 100 млн теңге талап етті
Айғаным Нариманова·