Павлодар жолдарының сапасы бақылауда
Павлодар облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5500 шақырымнан асады, оған республикалық, облыстық, аудандық, қалалық және ауылішілік жолдар кіреді. Биыл жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 60 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Todayinfo . Барлығы 120

Павлодар облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5500 шақырымнан асады, оған республикалық, облыстық, аудандық, қалалық және ауылішілік жолдар кіреді. Биыл жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 60 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды Todayinfo.
Барлығы 120 жоба іске асырылуда, оның ішінде:
•Республикалық маңызы бар – 9 жоба;
•Облыстық маңызы бар – 9 жоба;
•Аудандық маңызы бар – 22 жоба.
•Көше-жол желісі – 80 жоба.
Ең ірі құрылыс жұмыстары барлығымызға мәлім Павлодар-Астана бағытындағы ескі көпірдің жанында жаңа көпір салынуда. Ол жерде жұмыстар 2024 жылы басталған. Қазірге кезде жұмыстар қарқынды жасалуда.
Одан бөлек Атамекен-Көктөбе және Атамекен-Ертіс бағыттарында капиталды жөндеу жұмыстары атқарылуда. Орташа жөндеу жұмыстары «Қалқаман-Баянауыл», «Қарағанды-Шідерті-Павлодар», «Атамекен-Көктөбе», сондай-ақ «Омбы-Майқапшағай» Павлодар-Железинка бағытындағы жолдары жөнделді. Жалпы іске асырылудағы жобаларды ағымдағы жылдың қараша айының сонына дейін толық аяқтау көзделуде.
«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК Павлодар облыстық филиалының бөлім басшысы Қуат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жыл басынан бері орталық мамандары 120 нысандарға 604 инспекциялық шығу жасап, 1939 сынама алған. Оның 249-ында сәйкессіздік анықталып отыр.
Өз жұмыстарына немқұрайды қараған мекемелерді тезге салу үшін Ұлттық сапа орталығы Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына 6 рет хат жолдаған. Соның ішінде 3 техникалық қадағалаушыға және жалпы көлемі 1,861 млн. теңгеге айыппұл салынды.
Ал енді сапасы туралы айтатын болсақ, облысымыздағы қазірге кезде жүріп жатқан жөндеу жұмыстары сапасы айтарлықтықтай жоғары. Мердігер компаниялар жылдан жылға атқарып жатқан жұмыстарының сапасына қатты мән беріп, бұрынғы қателіктерді жасамауға тырысып келеді.
Фото: Freepik
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·