«Қайрат» пен «Қайсар» Қызылордада тартысты матчта тең ойнады
Алматылық клуб биылғы футбол біріншілігін өте сәтті бастаған болатын. Алғашқы бес ойынның қорытындысы бойынша 13 ұпай жинап, үздік нәтижемен бірінші орынға көтерілді. Бұған дейін қатарынан төрт мәрте жеңіске жеткен команда осы жолы да үш ұпай олжалауға барын салды. Бұл туралы Tod

Алматылық клуб биылғы футбол біріншілігін өте сәтті бастаған болатын. Алғашқы бес ойынның қорытындысы бойынша 13 ұпай жинап, үздік нәтижемен бірінші орынға көтерілді. Бұған дейін қатарынан төрт мәрте жеңіске жеткен команда осы жолы да үш ұпай олжалауға барын салды. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлады.
Алайда, оларға қызылордалық ұжым лайықты қарсы тұра білді. Қазақстандық футболшылардан құралған «Қайсар» тәжірибелі алматылықтарды тоқтатты. Кездесу нәтижесінде 0:0 есебімен тең есеп тіркеліп, кішігірім сенсацияға айналды.
Сонымен қатар, қазір «Тұран» (Түркістан) мен «Астана» кездесуі өтіп жатыр. Бесінші турды «Жеңіс» (Астана) пен «Елімай» (Семей) командалары аяқтайды.
19 сәуірде футбол жарысында «Ұлытау» (Жезқазған) өз алаңында «Оқжетпеске» (Көкшетау) 0:1, ал «Атырау» петропавлдық «Қызылжарға» 1:2 есебімен ұтылып қалса, қостанайлық «Тобыл» «Ақтөбені» 3:0, шымкенттік «Ордабасы» талдықорғандық «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңді.
Ұқсас материалдар

Спорт
«Жасың келді»: Назым Қызайбай туыстары өзінің әбден мазасын алғанын айтты
Айдар Керім·

Спорт
Испания құрамасы араға 16 жыл салып финалға шықты (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Спорт
Мбаппе мен Дембеле гол соғып, Франция әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Айдар Керім·

Спорт
Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды
Айғаным Нариманова·