- Ауылдық жерлерде, шағын және моноқалаларда тұратын, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан жастар;
- Жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
- Мүгедектігі бар азаматтар;
- Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан жастар;
- 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;
- Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар.
Бағдарламаға қатысу үшін үміткердің жасы 29-дан аспауы тиіс.
Грант атаулы және бір реттік тәртіппен ұсынылады. Алайда келесі тұлғалар бағдарламаға қатыса алмайды:- Жоғары білімі бар азаматтар;
- Мемлекеттік немесе жергілікті бюджет есебінен «бакалавр» дәрежесін алған тұлғалар;
- Екінші жоғары білім алғысы келетіндер;
- Онлайн оқыту форматына қатысушылар.
Грант алуға үміткерлер ҰБТ-дан шекті балл жинаған талапкерлер қатарынан іріктеледі. Шығармашылық бағыттарға түсетіндер үшін – арнайы емтихан нәтижелері ескеріледі.
Үміткерлердің тізімі жоғары оқу орындарының конкурстық комиссиялары арқылы бекітіледі және хаттама түрінде рәсімделеді.




