Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қасқыр өзін баққан адамына екі жылдан кейін кайтып оралған (видео)

Фото: Видеодан скрин Шешенстанда қасқыр өзін бағып, өсірген адамға қайтып келген, деп хабарлайды  Тodayinfo  ақпараттық порталы Mash Gor  басылымына сілтеме жасап. Ресейлік Хасан есімді азамат біраз уақыттан бері жабайы жануарлар мен қасқырларды күтіп-баптаумен айн

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қасқыр өзін баққан адамына екі жылдан кейін кайтып оралған (видео)
Фото: Видеодан скрин Шешенстанда қасқыр өзін бағып, өсірген адамға қайтып келген, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Mash Gor басылымына сілтеме жасап. Ресейлік Хасан есімді азамат біраз уақыттан бері жабайы жануарлар мен қасқырларды күтіп-баптаумен айналысады. Бірнеше жыл бұрын оған Осетиядан жетім қалған қасқырдың күшігін әкеліпті. Осылайша Хасан оны өсіріп, кейіннен орманда өмір сүруі керек деп шешіп, босатып жібереді. 2023 жылы Хасан қасқырды тауға апарып, онымен мәңгілікке қош айтысқан. Босатылған жануар иесімен қоштасқысы келмеген секілді. Қасқыр екі жыл қаңғып жүріп, 2025 жылдың қаңтарында үйіне жол тауып, Хасанға оралған. Бұл уақыт ішінде жыртқыш жабайы болған жоқ. Ол әлі күнге дейін адамдарға еркелеп, кәдімгі ит сияқты балалармен ойнайды. [video width="480" height="482" mp4="https://todayinfo.kz/new/media/wp-uploads/2025/01/video-whatsapp-2025-01-31-v-21.26.41_e06b58cc.mp4"][/video]

Ұқсас материалдар