«Қазмырыш» компаниясы биылғы жылдың бірінші тоқсанында өндіріс көлемінің күрт төмендеуімен бетпе-бет келді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Бұл туралы компанияның негізгі акционері – ағылшын-швейцариялық Glencore шикізат тобының қаңтар-наурыз айларындағы өндірістік есептілігінен белгілі болды. Glencore қазақстандық кәсіпорын акцияларының шамамен 70 пайызына иелік етеді.
Қалған акциялар пакетінің басым бөлігі «Тау-Кен Самұрық» мемлекеттік тау-кен холдингіне тиесілі. Өндірістің құлдырауы алтын, мыс, мырыш және басқа да металдар бойынша тіркелген.
Өз шикізатынан мырыш өндіру 33 900 тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 13 800 тоннаға (29%) аз.
Өндіріс көлемінің төмендеуіне негізінен үшінші тарап өндірушілерінен жоғары сапалы концентраттардың жетіспеушілігі себеп болды. Бұл өз кезегінде компанияның жеке шикізатын өңдеу қарқынын шектеді.




